Мазмұнға өту
Машық

Қазақша сауатты жазуды үйренеміз

Мәтін дауыстап оқылады — сіз тыңдап жазасыз. Жазғаныңыз тексеріліп, әр қате түсіндіріледі. 2-сыныптан ересекке дейін. Тегін, тіркелусіз.

  1. 1. Мәтін дауыстап оқыладыМұғалім диктант айтқандай
  2. 2. Естігеніңізді жазасызПернетақтамен не дәптерге
  3. 3. Әр қате түсіндіріледіҚай сөз, неге, қай ереже

Кімге арналған?

Өзіңізге сай тұсын басыңыз.

Несімен бөлек?

Жауап бірден берілмейді

Қате табылғанда алдымен «мына сөзде бір әріп бұрыс, өзің тауып көр» деп ұсынылады. Сұраса — ереже, сосын ғана дұрысы. Өзі тапқан сөз есте берік қалады.

Деңгей өзі бейімделеді

Қатарынан жақсы жазса — келесі деңгей ашылады, мәтін бөлікпен емес, тұтас оқылатын болады. Ауырласа — көмек үнсіз қайта қосылады.

Қате ұмытылмайды

Әркімнің өз қатесі жеке сақталады да, 1, 2, 4, 8 күннен кейін ойында қайта шығады. Бес рет дұрыс тапса — үйренілді деп саналады.

Тексеру тұрақты

Диктант пен тыныс белгісі жасанды интеллектпен емес, нақты салыстырумен тексеріледі: нәтиже әрқашан бірдей әрі тегін.

Ішінде не бар

100
диктант, 2–11 сынып
17
мазмұндама мәтіні
21
шығарма мен эссе
18
ересекке арналған тапсырма

Оған қоса: «Дұрысын тап» және «Үтірді қой» ойындары, ҚАЗТЕСТ жазылымына дайындық, сынып пен отбасы топтары. Мәтіндерді дауыстап оқитын — ISSAI институтының қазақ тіліне арналған дауыс синтезі.

Қандай әдістемеге сүйенеді?

Бұл жерде ойдан шығарылған ештеңе жоқ: әр тетіктің астында педагогика мен психологияда бұрыннан белгілі зерттеу тұр. Тапсырмалар мектеп бағдарламасының нормасымен (диктанттың сөз саны сынып бойынша), ал ересектерге арналған бөлім Тіл саясаты комитеті бекіткен лексика-грамматикалық минимуммен жасалған.

Жақын арадағы даму аймағы · Л. Выготский

Оқыту баланың өзі істей алатыны мен көмекпен істей алатынының арасында жүруі керек.

Өнімде: Деңгей бір-ақ қадам жоғары болады: қатарынан үш жұмысты жақсы жазса — келесі деңгей ашылады, ауырласа — үнсіз төмендейді.

Көмекті біртіндеп алу · Дж. Брунер, scaffolding

Көмек уақытша болуы керек; алынбаса, бала соған тәуелді болып қалады.

Өнімде: Мәтін алдымен бөлікпен, сосын сөйлеммен, ең соңында тұтас оқылады. Ереже де бірден берілмейді: алдымен бала өзі іздейді.

Табыс жолағы · Б. Розеншайн

Жаттығуда дұрыс орындау үлесі шамамен 80% болғанда үйрену ең жақсы жүреді.

Өнімде: Тапсырма сол жолаққа қарай таңдалады: тым оңай да, тым қиын да берілмейді.

Қалпына келтіру жаттығуы · retrieval practice

Көшіріп жазудан гөрі есте сақтап жазу әлдеқайда берік.

Өнімде: Диктант пен мазмұндаманың өзі — таза осы: мәтін көз алдында тұрмайды.

Аралықпен қайталау · Лейтнер жүйесі

Меңгерілген нәрсе азаятын жиілікпен қайталанбаса ұмытылады.

Өнімде: Баланың өз қатесі 1, 2, 4, 8 күннен кейін ойында қайта шығады. Бес рет дұрыс тапса — үйренілді деп саналады.

Өзін бағалау · метатану

Өз білімін дұрыс бағалай алатын адам тезірек үйренеді.

Өнімде: Тексермес бұрын «нешеуін дұрыс жаздым деп ойлайсың?» деп сұралады да, болжам нәтижемен салыстырылады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақысы бар ма?

Жоқ. Диктант, мазмұндама, ойындар мен сынып тобы — тегін. Тіркелудің де қажеті жоқ.

Баланың жазғаны қайда сақталады?

Тек сол құрылғының өзінде. Сынып не отбасы тобына қосылса, мұғалім мен ата-ана жұлдызы мен жиі қатесін көреді, жазған мәтіні жіберілмейді.

Бір планшетте екі бала жазса ше?

Әркім өз атын қосады, нәтижесі бөлек сақталады. Ауысу — бір басу.

Қазақша пернетақта керек пе?

Телефон мен компьютерде қазақша пернетақта бар. Болмаса, әріптерді бір басумен қоятын қатар шығады.

Тегін · Тіркелусіз · Нәтиже осы құрылғыда сақталады
«Машық» — Matin AI жобасының білім беру бағыты